Абоненттік қызмет көрсету
Анықтама тобы ұсынатын қызметтер:
-
халыққа, ПИК-ке және қызметтерді жабдықтаушыларға төлем құжаттарына төлем жасау мәселелері бойынша абоненттік қызмет көрсету;
-
Түбіртектерді төлеумен байланысты мәселелер туындаған жағдайда, тұтынушы немесе ПИК анықтамалық телефон қызметіне жүгіне алады, және сол жерден «АЕО» ЖШС-де басылып шығарылатын түбіртіктерге қатысты қызметтер бойынша өздерінің сұрақтарына білікті жауаптар ала алады;
-
Т.А.Ә. және тұратын адамдардың санын өзгерту туралы халықтың өтініштерін қабылдауды жүзеге асырады. (қосымша ақпаратты "Бланкілер", "Жеке кабинет" қараңыз);
-
бухгалтерлер және жабдықтаушылар үшін дербес шоттар бойынша өткен кезеңдегі анықтамалық ақпаратты дайындау және беру жұмыстарын жүргізеді, шоттар мен формаларды мұрағаттандыру жұмыстарын жүргізеді;
-
бұған дейін берілгені жоғалып қалған жағдайда ағымдағы ай үшін төлем жасау құжаттарын басып шығаруды және дубликаттар беруді жүзеге асырады;
-
хаттар және өтініштер бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.