Жеке кабинет

Логин:
Құпиясөз:
Тіркелу
Сіз өзіңіздің құпиясөзіңізді ұмытып қалдыңыз ба?

Компания туралы

«АЕО» ЖШС 1999 жылы Алматы қаласындағы қалалық бұрынғы ақпараттық-есептеу орталығының базасында құрылған.

ЖШС қызметінің негізгі түрлері болып мыналар саналады:

  • тұрғын үй-коммуналдық және басқа да қызметтер түрлері бойынша төлем құжаттарын басып шығару, жеткізу және өңдеу қызметтерін орындау;

  • бағдарламалық кешендерді жүргізу және пайдалану, дерекқорларды жүргізу;

  • жаңа бағдарламалық кешендерді дайындау және қолданыстағыларын жетілдіру.

Негізгі қызметті жеткізушілер болып ПКСК, ЖСК, ПК, лифтілерге техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары, «Алматытелеком» ТҚО, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі кәсіпорындар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсетуші басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар.

«АЕО» ЖШС-да 15 жылдан артық еңбек өтілдері бар жоғары білікті, өз ісінің шын мәніндегі шеберлері жұмыс істейді. Кәсіпорынның көп жылдан бергі қызмет етіп келе жатқан уақыты ішінде жинаған тәжірибелері біздің қызметкерлерге қызметтер жеткізушілердің сұраныстары мен өтініштерін барынша қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Дайындалған бағдарламалық кешендер үнемі жетілдіріліп отырады. Біз өз жұмысымызда жабдықтаушылардың жеке талаптарына және қызметті тұтынушылардың өтініштеріне бейімделуге тырысамыз.

Бағдарламалау бөлімі жекелеген, жергілікті бағдарламалаулармен қатар, сондай-ақ әрбір Жабдықтаушының пайдалануы үшін ыңғайлы, қарапайым және сенімді бағдарламаларды дайындап және енгізеді, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламалық кешендерді де жетілдірумен айналысады. Бағдарламалық кешендерді қолдау жүзеге асырылады.

"АЕО" ЖШС келісімшарттық тобы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің жеткізушілерімен шарттар жасасумен, тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне және ПКСК, ЖСК, ПК бойынша шығыс нысандары пакеттеріне және тағы басқаларына төлем құжаттарын берумен, қызмет көрсетуші жабдықтаушылар ұсынған түзету енгізу нысандары мен хаттарын қабылдаумен айналысады, бағдарламалау бөлімімен және өндірістік бөліммен біріге отырып қолданыстағы бағдарламалық кешендерді жақсарту және жетілдірумен байланысты міндеттерді шешуге қатысады.

Техникалық бөлімнің мамандары барлық ақпараттық-техникалық кешеннің және аппараттық жабдықтар кешенінің және аппараттық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттың сақталуының сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.