275 17 56
275 57 78
274 12 70

Кабинет потребителя

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?

Новый раздел


Шот-түбіртектерді толтыру бойынша жаднамасы

ИВЦ» ЖШС тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге

«ИВЦ» ЖШС әр ай сайын тұрғындарға ПИК, ТПИК....және қызметтердің жеткізушілерімен көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге төлеу құжатын (шот-түбіртегін) әр ай сайын жасайды және басып шығарады (электрондық пошта арқылы жолдайды)

«ИВЦ» ЖШС шот-түбіртегінде қызметтердің екі түрі бар:

·        Төлеуге міндетті қызметтер – шот-түбіртегінде көрсетілген мерзіміне дейін қатаң төлеуге міндетті қызметтер. Келесі айдың шот-түбіртегінде міндетті қызметтерін төлемеу жағдайында, өсімақы есептеліп қойылатын қарыз пайда болады. Жеткізушілер берешектің толық өтеуіне дейін қызметердің көрсетуін тоқтата алады.

·        Қалау бойынша қызметтер – тек қана төлеуші пайдалануға қалайтын қызметтер жағдайында төленетін қызметтер (түбіртектің осындай қызметтер тармағында «Қалау бойынша төлеу» немесе «Қалау бойынша қызмет» деп белгіленген).

Шот-түбіртекті толтыру кезінде, келесіні есте сақтау қажет:

·        Шот-түбіртек анық толтырылу қажет.

·        «Төлемін» графасында Сіз қалайтын сомасын жазу керек. Егер Сіз не ол, не бұл қызметін төлеуге қаламайтын болсаңыз, онда осы қызмет бойынша «Төлемін» графасында сызық қойылады.

·        Шот-түбіртектің үстінгі және төменгі бөлігі бірдей толтырылу қажет.

·        «Барлығы» жолы - төлеуге қорытынды сомасы міндетті түрде толтырылады. Егер Сіз қорытынды сомасын ықшамдауға ұйғарсаңыз, онда оны көбею жағына ықшамдау қажет. Кішірейту жағына ықшамдау кезінде, Сіз ықшамдаған сомасына қарыздар пайда болады.

·        Егер шот-түбіртекте «БАРЛЫҒЫ» қорытынды сомасы дұрыс емес есептелген немесе шот-түбіртек дұрыс емес толтырылған жағдайында, «ИВЦ» ЖШС осы шотты төленген сомасы аясында түзейтуге құқылы.

·        «Қалау бойынша қызметтерін» төлеу кезінде осы қызмет тек ағымдағы айда көрсетілетінін есте сақтау қажет.

Шот-түбіртектерде МАИ немесе әкімшілік бұзушылықтардың айыппұлдары туралы ақпарат басылып шығарылады. Осы графалары тек ақпарат үшін арналған. Төлемдерді МАИ немесе терминалдар (INTERNET) арқылы төлеу мүмкін.

Оларды «ИВЦ» ЖШС шот-түбіртектері арқылы төлеуге БОЛМАЙДЫ.